Рэпер 50 Cent Головкиннің қарсыласы туралы пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал америкалық рэп-орындаушы 50 Cent-тің жанкүйерлері қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жек болмайтыны туралы мәлімдемеден кейін, мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) жаңа лақап ат қойды, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске салайық, таяуда рэпер «Канелоның» суретін жариялап, 5 мамырдағы жекпе-жектің болмайтыны туралы пікір қалдырған еді. «Сайтан алғыр, менің жігітім «Канело» екі допинг тесттен өтпей қалды. Мен өтірік қылымсымаймын: GGG бірінші айқаста жеңді деп сезіндім. Бірақ, ол осылай шықпауы керек еді [шприцтің эмодзиі]. Жеңістің дәмі», - деп жазды 50 Cent Instagram-да.

Америкалық танымал әншінің жанкүйерлері мексикалыққа жаңа ат ойлап тапты. Қолданушылар 50 Cent-тің жазбасының астында Альваресті «Канело» Альвароид» деп атап, осы атты хештэгпен қолдана бастады.

Еске салайық, бұдан бұрын 50 Cent допинг-сынаманың оң нәтиже беруі туралы жаңалықтан кейін Instagram-ға «Канело» мен оның бапкері «Чепо» Рейносоның ұялып тұрған суретін салып, мындай сөз жазған еді: «Сайтан алғыр, бізді ұстап алды». Кейін оны өшіріп тастаған болатын.

18 сәуір күні Невада штатының атлетикалық комиссиясы «Канело» ісі бойынша шешім шығарады, алайда рематч ресми түрде болмайтын болды. Головкин 5 мамыр күні басқа қарсыласпен жұдырықтасады.
Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар