Реформалардың негізгі 6 бағытын айқындадым - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңесте қандай мәселелер талқыланғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткіздім. Бұл орган экономиканы жаңғыртуға, қоғамдық дамуға, институционалдық реформаларға жаңа бағдар беруге тиіс. Бізге Ел дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына негіз болуға тиісті жаңашыл тәсілдер керек» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Президентің жазуынша, реформалардың негізгі 6 бағыты айқындалған.

«Әр бағыт бойынша кеңес мүшелерінен, сондай-ақ, халықаралық және отандық сарапшылардан жұмыс топтары құрылады. Аталған топтар мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешудің тиімді жолдарын ұсынуы тиіс» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті.


Соңғы жаңалықтар