Реформалар тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Реформалар елді дүрбелеңге салатын емес, тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке кездесулер барысында көптеген мәселе бойынша нақты жұмыстар жасалды. Солардың көпшілігіне қатысты оң шешім қабылданды және барлығы Ұлттық кеңес хатшылығының бақылауына алынды. Әлеуметтік саладағы жұмыстармен қатар саяси жүйені реформалау және жаңғырту мәселесі көпшіліктің назарында», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті билік бұған қатысты сындарды диалог орнатуға мүдделі екендігін айтты.

«Осы орайда біз Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарынан бөлек мемлекет тарапынан да тың бастамалар көтеріп жатырмыз. Барлық ұсыныстарды талқылай отырып, ортақ пайымға келеміз деп сенемін. Ең бастысы реформалар елді дүрбелеңге салатын емес, тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар