Референдум ең алдымен жастарға керек - Мұрат Жұрынов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Референдум учаскесіне келіп, таңдауын жасаған ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов саяси науқан туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум - ең алдымен жастарға керек, өтіп бара жатқан буынға емес. Болашақ қандай болады? Референдумға байланысты. Дауыс беру – әрбір азаматтың басты міндеті, борышы. Сондықтан, мен де дауыс беруге келдім», - деді Мұрат Жұрынов.

Айта кетсек, Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы. Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашық. Референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 референдум учаскесінде дауыс берді.



Соңғы жаңалықтар