Референдум әділетті Қазақстанның бастауы болмақ - Сәкен Майғазиев

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев №30 мектеп-гимназиясында орналасқан №383 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде екі ай бойы референдум бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Конституцияға өзерістер енгізілетіні айтылды. «Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан» деп айтып жатырмыз. Ата заңға енгізілетін өзгертулер соның бастауы болмақ. Мен бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім», – деді әнші Сәкен Майғазиев.

Бұған дейін қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауыс бергенін жазған болатынбыз.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов саяси науқан туралы ой бөлісті.

Айта кетейік, Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы.

Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашық.


Соңғы жаңалықтар