Рахат Бекболат ауыр атлетикадан Азия чемпионатында әлемдік рекорд орнатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рахат Бекболаттың шығуымен қазақстандық команданың Өзбекстан астанасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. «Серпе көтеру» жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленді, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.


Соңғы жаңалықтар