Радиациялық әрі ядролық физикалық қауіпсіздікке қайта сараптама жүргізу тәртібі айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, заң жобасы қолданыстағы заңнаманың құқықтық қайшылықтарын жою, сондай-ақ белгілі бір нормаларды Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қауіпсіздік жөніндегі халықаралық нормаларға сәйкес келтіру үшін атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

Бұл үшін заң жобасында мыналар қарастырылады:

- «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын қолдану кезінде әртүрлі түсінуді болдырмау мақсатында терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;

- Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын шектеу;

- Білімді тексеруден өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығын беру;

- Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде ядролық және радиациялық аварияларға апаттық әзірлікті және ден қоюды регламенттеу;

- Ядролық қондырғының жүйелерінде, жабдықтарында, жобалау және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған жағдайда ғана ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікке қайта сараптама жүргізу.

«Заң жобасы қабылданған жағдайда, тиісті құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілер жүзеге асырылады. Осы орайда атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кызметті реттеу бөлігінде қолданыстағы заңнамадағы құқықтық қайшылықтарды жою ескерілген. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қауіпсіздік бойынша халықаралық талаптарды орындау қамтылған. Заң жобасын қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар талап етпейді», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар