QR арқылы баж төлеген қазақстандықтар 205 млн теңгесін үнемдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин барлық БАЖ-дарды QR арқылы төлемге өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Халыққа қызмет көрсету орталықтарында QR арқылы БАЖ-дарды төлеу мүмкіндігін енгіздік. Нәтижесінде, 5 айда азаматтардың қаражаты 205 млн теңгеге үнемделді. Айта кетерлік жайт, барлық БАЖ-дарды QR арқылы төлеуге өткізген жөн. Өз кезегінде бұл азаматтардың қаражатын үнемдеумен қатар, көлеңкелі экономиканы жоюға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді», - деді Бағдат Мусин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының ипотека беру үшін цифрлық платформа құру жөніндегі тапсырмасы аясында ипотеканы рәсімдеу процесі де түбегейлі қайта қаралған.

«Сонымен бірге, Отбасы банк платформасы арқылы жалға берілетін пәтерлер үшін мемлекеттік субсидияға 11 160 тапсырыс беріліп, 6 мыңнан астамы оң шешім алды. Блокчейн технологиялары есебінен кепілді тіркеу нотариустарсыз және ХҚО-сыз рәсімдеуге болады», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар