«Qazaqstan» телеарнасынан «Жақсылық» фильмі көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салайық, бүгін Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» хабарларын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар