ПТР тест тапсыру тәртібі қауіпсіздік үшін жасалуда - мамандар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандардың айтуынша, коронавирус ұшақ сияқты жабық нысанда жылдам таралады. Сондықтан ондай жерлерде қауіпсіздікті барынша күшейту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге карантин біткен жоқ. Жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Вирус тез таралатындықтан, ұшақ сияқты жабық нысан, адамдар көп жиналатын жерде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуіміз керек. Ұшар алдында тест тапсыру бас санитарлық дәрігердің талабы. Ол қауіпсіздік үшін жасалуда. Олар вирусты қалай тоқтатып, қалай реттеу керек екенін біледі. Әлеуметтік желілерде бұл талапты қолға алу туралы бастаманы біз көтергеніміз туралы жазып жатыр. Шын мәнінде біздің бұл тестті дәрігерлер мен науқастар үшін қолданбақ болғанбыз», - дейді «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов.

Ол ұшу алдында тест тапсыру үшін «Олимп» емес, басқа зертханаларға баруға болатынын айтты.

«Біздің басқа да әріптестеріміз ұшу алдында тест тапсыруға қатысты қызмет көрсетеді. Бізге емес, соларға барып тест тапсыруға болады. Covid-19-ды анықтау мақсатында тегін тест тапсыру үшін емхана, мемлекеттік ұйымдарға баратындар бар. Олар протокол бойынша жұмыс істейді, сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл қызмет түрі тек ақылы түрде болатынын мәлімдеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар