ПТР тест қорытындысын қолдан жасап сатпақ болған өскемендік 2 жылға сотталуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы ПТР тест қорытындысын қолдан жасап сатпақ болған 34 жастағы өскемендік тұрғын интернетке таратқан хабарландырудың ізімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаның мән-жайын Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтып берді.

«Өскеменде полицейлер коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР тест анықтамасын ешқандай зертханалық талдаусыз-ақ рәсімдеп беретінін жарнамалап, хабарлама таратқан 34 жастағы жігітті ұстады. Бұл қызметі үшін ол 15 мың теңге сұраған. Қазір алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - дейді министрліктің баспасөз өкілі.

Шұғыла Тұрлыбек келтірген деректерге сүйенсек, бұл – Шығыс Қазақстанда тіркеліп отырған алғашқы жайт емес. Бұған дейін Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар