ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 маусымда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Польша, Беларусь Республикасы, Түркия, Черногория, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 533 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 298 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1101 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 318 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;

- Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, 190 жолаушы;

- Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 9 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 33 жолаушы.

Сонымен қатар, 21 маусымда Ош-Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.


Соңғы жаңалықтар