ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 9 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 4 013 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 380 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 193 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 159 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 136 жолаушы.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 9 мамырында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Соңғы жаңалықтар