Психоаналитик Анна Құдиярова Kazinform Instagram-аккаунтында тікелей эфирге шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Психоаналитик Анна Құдиярова Kazinform Instagram-аккаунтында тікелей эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус пандемиясы кезіндегі оқшаулану уақыты отбасы мүшелерінің арасында жанжал туындатуы мүмкін. Бұл келіспеушіліктен қалай айналып өтуге болады? Карантин уақытында немен айналысуға мүмкіндік бар? Жанжалға жол бермей, карантин уақытын тиімді пайдаланудың жолдары қандай? Керісінше, адам үйде жалғыз қалған кезде уақытты қалай өткізуге болады?

Психоаналитик Анна Құдиярова сенбі, яғни 11 сәуір күні сағат 12.00-де «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің Kazinform Instagram-аккаунтында тікелей эфирге шығып, тілшілер мен оқырмандардың сұрағына жауап береді.

Сұрақтарды [email protected] поштасына жолдауға болады.

Анна Мергенбайқызы Құдиярова – Қазақстандағы танымал психолог, Психоанализ институтының директоры.


Соңғы жаңалықтар