Промоутер Головкиннің алғашқы айқасы туралы: Фанаттар Қазақстанның қайда орналасқанын білмейтін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы профи-бокстағы жолын қалай бастағанын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Геннадийге, оның менеджерлері мен жаттықтырушысына оның кіммен жекпе-жекке шығатыны бәрібір еді. Соңында ол Еуропа чемпионы, поляк Гжегож Проксамен жұдырықтасты. Головкин HBO-да бірден әсерлі айқас өткізді. Оның құпияларының бірі – ол рингке шыққан сайын жекпе-жегін жетілдіре түсіп, алға қадам жасап отырды. Головкин «Гарден» мен HBO-дағы (телеарна) алғашқы кездесуде қысым болатынын білді, бірақ ерекше перфоманс көрсетті. Нәтижесінде HBO жазылушыларының бәрі оны тағы да рингте көргісі келді. Көптеген фанаттар, тіпті HBO адамдары да Қазақстанның қай жерде екенін білмеді. Геннадийдің ағылшыны да онша емес еді», - деді Леффлер.

АҚШ-тағы алғашқы айқасын Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 2012 жылдың 1 қыркүйегінде Гжегож Проксаға (29-4, 21 КО) қарсы өткізген еді. Головкин бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін қорғап қалды.


Соңғы жаңалықтар