Прокуратура: Ұзынағаштағы үш ағайындыны ұрланған мылтықпен атып өлтірген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданына мал сатуға барып, артынша мүрделері табылған Ұзынағаштағы үш ағайындыны ұрланған мылтықпен атып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мылтықты иесі 2 ай бұрын жоғалтқан. Бұл жөнінде Алматы облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Әлібек Мырзабеков мәлім етті.

Қазіргі таңда Алматы облысында қару-жарақ тонау фактілері жиілеп кеткен. 200-ден астам қару-жарақ ұрланған қару тізімінде тұр. Облыстық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, олардың ешқайсысы табылмаған.

Негізінен қаруды жеке тұрғын үйлерден кейде сейфтерімен қоса қолды қылады. Ұрланған қару тек қылмыс жасалғанда ғана әшкереленіп жатады. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының қолында 24 мың бірлік қару ресми тіркеуде тұр.

Алматы облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокурорының айтуынша, кез-келген азамат облыс арасында көшіп-қонған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына барып, қаруын тіркетуі тиіс. Сондай-ақ күзет агенттіктерімен арнайы келісім шартқа отыру керек. Сол кезде жоғалған қаруды жылдам анықтауға мүмкіндік туады.

Соңғы жаңалықтар