Прокуратура Алматыдағы қисайған үйге қатысты қылмыстық іс қозағалғанын мәлімдеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Прокуратура Алматыдағы қисайған үйге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 желтоқсанда 278-баптың 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл– сапасыз құрылыс. Бұл өте ауыр бап, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және оның қызметіне тыйым салуды қарастырады. Іс Алматы полиция департаментіне жолданды. Белгілі бір тергеу қадамдары жасалды. Тергеуші бұл қылмыстық істің аяқталуына негіз болатын ҚазҚСҒЗИ -ның қорытындысын күтті », - деді Алатау ауданы прокурорының орынбасары Ержан Болатханов тұрғындарымен кездесу барысында.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.





Соңғы жаңалықтар