Пробациялық бақылаудағы азаматтар өз қаржысына зейнеткердің үйін шатырлап берді

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында пробациялық бақылау есебінде тұрған азаматтар және жастардың қоғамдық бірлестігі зейнеткердің үйін шатырлап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен мәлім еткендей, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және ауданда пробациялық есепте тұрған азаматтардан волонтерлер тобы құрылып, өз қаражаттары есебінен тұрмыс жағдай төмен зейнеткердің үйін шатырлап берген.

«Жалғызбасты зейнеткер апамыз қыс, көктем айларында қиналғанын айтты. Қыста сыз тартып, көктемде жаңбыр жауса, шатыры болмағандықтан төбесінен су ағатын үйде жалғыз өмір сүріп келеді. Қиын жағдайдағы әжейдің тұрмысымен танысқан есептегі азаматтар, қол қусырып отыра алмады. Тез әрі жылдам шешім қабылдап, шатырға қажетті заттарды өз қаражаты есебінен алып, қайырымды іс тындырды. Бұл азаматтар өмірде шалыс басса да, адамгершілік қасиеттерінен айныған емес. Үйінің шатырланғанына риза болған апамыз, «Темірқазық» қоғамдық бірлестігіне, аудандық пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар