Приозёрск қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПРИОЗЁРСК. ҚазАқпарат – Приозёрск қаласының әкімі лауазымына Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек Приозёрск активіне қаланың жаңа басшысын таныстырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. «Қазақавтожол» РМК-да жұмыс істеді, «Ботақара су қожалығы» КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.

2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентін басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды.

2015 жылдан бүгінгі таңға дейін Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар