Президенттің Ұлттық кеңес отырысында сөйлеген сөзінің толық видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында жасаған баяндамасының толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қаринге сілтеме жасап.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған баяндамасы», делінген бейнероликтегі жазбада.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өткізілді.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президент кеңесшісі Ерлан Қарин, Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ Кеңес мүшелері қатысты.

Президенте жиында «Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді» деп мәлім етті.

Отырыста Ұлттық кеңестің хатшылығы Мемлекет басшысына есеп берді.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтемеде оқуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ал 6 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткен еді.

Соңғы жаңалықтар