Президенттің туған күніне байланысты тағы бірқатар құттықтаулар келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының туған күніне байланысты жолданған құттықтаулар легі жалғасуда, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

«Президенттің туған күніне орай Хорватия Президенті Зоран Миланович, Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай құттықтау жеделхатын жолдады», - деп жазды БОРТ№1 Телеграм-арнасы.

Айта кетейік, кеше де Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, парламент төрағаларынан, үкімет басшыларынан және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түскен болатын.


Соңғы жаңалықтар