+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Президенттің төтенше жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қойғаны қуантады - ғалым

2020 жылғы 24 наурыз 17:07
Бөлісіңіз:
Президенттің төтенше жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қойғаны қуантады - ғалым

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президенттің төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын бірінші орынға қойғаны қуантады. Философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізуші қамауға алынды ШҚО-да бір күнде төтенше жағдай режимін бұзған 7 кәсіпкер анықталды Қызылордада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барған

«Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қауіпсіздігін сақтауға тиісті құзырлы орындарға нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе маған Президентіміздің Алматыдағы карантинге байланысты аймақтарға ағылып шыққан жастар туралы айтқаны қатты ұнады. Мегополистен ауылға еріксіз келген жұмыссыз жастарды «Жол картасы» бойынша, аймақтарда көктемгі егіс, құрылыс және де басқа жұмыстарға ақы төлеп тарту керек,­ – деді өз сөзінде мемлекет басшысы. Өте дұрыс айтады. 100 мыңнан астам жас ауылда босқа жүрмеуі тиіс. Бос адам қылмысқа баруы мүмкін. Болмаса бір нәрсеге ұрынуы әбден ықтимал. Осы ретте оларды ауылды жерлердегі ақылы жұмысқа тарту керек-ақ. Бұл өз кезегінде табыс тауып, ауыл шаруашылығының дамуына да септігін тигізер еді», - дейді философия және теология ғылымдарының докторы.

Оның сөзіне сенсек, Мемлекет басшысы пандемия дүрбелеңінде ұлтаралық қатынас күн тәртібінен сырғып түсіп қалғанын және бұл тыныштық алдамшы екенін назарға алған.

«Көктемгі егіс науқанында болуы мүмкін жерге, суға талас дауларына қатысты да деректі дереу жеткізуді құзырлы орындарға жүктеді. Бұл да - өте өзекті дүние. Ең бастысы - ұлтаралық қатынасты жақсартып, дау-жанжал туғызбаудың алдын алу қажет. Тағы бір ұнамды тұс ретінде күн демей, түн демей демалыссыз қызмет атқарып жүрген дәрігер, полиция және басқа саланың қызметкерлеріне бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беруге тапсырма жүктелгенін айтуға болады. Еңбектің осылайша бағаланғаны жақсы. Қуантады. Сала қызметкерлерін жігерлендіре түсері даусыз», - деп атап өтті Досай Кенжетай.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен еді. Онда Президент дәрігерлерге алғыс айтты.

«Сіздерге шынайы алғысымды айтамын. Үкімет пен әкімдерге қосымша қаржы тауып, коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарына тартылған дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және өзге де мамандарға 1 айлық көлемінде сыйақы беруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT