Президенттің саяси реформалар топтамасы плюрализм идеясын іске асыруға жағдай жасайды - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің саяси реформалар топтамасы плюрализм идеясын өмірде іске асыру үшін жағдай жасайды. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Сенатты аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяуда, алдағы сәрсенбі күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Осынау сәтке ұлттық кеңес байыпты нәтижемен келіп отыр. Бұл - бүгін Мемлекет басшысы қол қойған заңдар және тағы бірқатар заң осы аптада Сенатта қаралатын болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған заңдар осыған дейін өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен саяси реформалар топтасының жүзеге асырыла бастағандығын білдіреді.

«Іс жүзіне келгенде, Ұлттық кеңес қызметіне түрлі көзқараспен қарауға болады. Дегенмен, фактілер өздігінен-ақ сөйлеп тұр. Қоғамның, қазақстандықтардың сұранысына жауап бере алатын, қоғам көтерген саяси реформалар топтамасы бүгінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл отандық заңнамадағы барынша байыпты өзгерістер деуге де болады. Атап айтар болсақ, жаңа партия құру үшін тіркеу шегі 2 есе төмендетіліп, жастар мен әйелдерге арналған квота енгізіліп отыр. Жалпы, алдағы парламеттік сайлаулардан кейін жаңа саяси шынайылықты көретін боламыз. Президент қол қойған барлық заңдар, толықтай алғанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар топтамасы саяси кеңістікте плюрализм идесін өмірде шынайы іске асыруға жағдай жасайды», - деді Максим Споткай.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар