Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысын Ақорданың Facebook парақшасынан көруге болады.

Айта кетсек бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралатынын хабарлаған еді.

Еске салсақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы осы жылы 27 мамырда өткен болатын.



Соңғы жаңалықтар