Президенттің қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мәдениет және қоғам, өнер, спорт қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып отыр.

Президенттің Баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізуде. Салтанатты жиын бүгін сағат 21:30-де республикалық телеарналардан көрсетілмек.

Биыл Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін 30-шы рет қарсы алып отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел ретіндегі өзінің мүлде жаңа тарихына қадам басты. Сол күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңына қол қойды. Ал бұл заңның Жоғарғы Кеңесте талқыланып, қабылдануы да сол кезең үшін үлкен белес еді.

Тәуелсіздік күні - 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы», 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-індегі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес аталып өтеді.


Соңғы жаңалықтар