Президенттің қатысуымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталды. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылатынын айтты.

Сондай-ақ Президенттің қатысуымен еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

«Бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесі қарсаңында өтуде. Осы тарихи межеге біз толағай табыспен жетіп отырмыз. Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді мемлекетке айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізін қалады. Оның тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапты. Әсіресе, мемлекеттік шекарамыздың толық бекітілуі теңдессіз тарихи жетістік болды және мемлекетіміздің қауіпсіздігін күшейтуге айрықша ықпал еткен шешімге айналды», - деді Президент.



Соңғы жаңалықтар