Президенттің Германияға сапары экономикалық байланысты дамытуға серпін береді - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары экономикалық саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға серпін береді. Бұл пікірді Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің жобалық менеджері Әсел Тұрысбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл сапар аясында ең алдымен біз Германия бизнесінің маңызды серіктестерінің бірі екенімізді және серіктес болып қала беретінімізді еске салдық», - дейді Әсел Тұрысбекова.

Сонымен бірге, сарапшы Германияның Қазақстанға көптеген инновациялық технологиялық идеялар әкелгенін атап өтті.

«Қазақстанда белсенді қолданылатын көптеген инновациялық идеяларды Германия әкелгенін ұмытпау керек. Бір ғана Қарағандыда үштен астам зауыт бар. Жаңа технологиялардың арқасында сапалы бұйымдарды қолдана аламыз. Біздің нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 200-ден астам неміс компаниясы бар. Менің ойымша, бұл сапар Германияға біздің елімізде белсенді жұмыс істейтін неміс бизнесі бар екенін және басқа да неміс бизнесіне дайын екенімізді еске салды. Әсіресе, соңғы екі жылда жаңартылатын энергетикалық жобалар танымал болды. Сөзсіз, Мемлекет басшысының Германияға сапары екіжақты қатынастардың, оның ішінде экономикалық саланың дамуына жаңа серпін береді», - деді Әсел Тұрысбекова.


Соңғы жаңалықтар