+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Президенттің Еуропаға алғашқы сапарын Германиядан бастауы маңызды - сарапшы

2019 жылғы 7 желтоқсан 15:56
Бөлісіңіз:
Президенттің Еуропаға алғашқы сапарын Германиядан бастауы маңызды - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары Қазақстан экономикасын жақсартуға, әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы: Орынсыз талаптарды орындай берсек, адал жандардың жігерін құм қыламыз Қазақстан соңғы 30 жылда дамудың үлкен жолын жүріп өтті – Ласло Кевер

«5-6 желтоқсан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасына барды. Бұл сапар Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі саналатын Еуропалық одаққа алғашқы ресми сапардың Германияға жасалуымен ерекшеленеді. Германия – Еуропалық одақтың ең ірі мемлекеті, экономикалық әлеуеті жағынан төртінші орын алатын, әлемдік саясаттың беделді акторы және ЕО-ға мүше мемлекеттер ішінде Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болғандықтан, еліміз үшін Президент Қ.Тоқаевтың ресми сапары мен оның нәтижелері, жасалған келіссөздер мен уағдаластықтар үлкен маңызға ие», - дейді сарапшы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Ресми сапар барысында Президент Федералдық канцлер Ангела Меркельмен, Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен, экс-канцлер Герхард Шредермен кездесті. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында Қазақстан-Германия байланыстарын жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына, екіжақты ынтымақтастықтың аясын кеңейту мен іскерлік байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне баса мән берілді.

Сонымен бірге, Германияға сапар аясында Мемлекет басшысы неміс бизнесінің өкілдерімен, жетекші ірі компаниялардың басшыларымен кездесті, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты. Онда Президентіміз ГФР іскер топтарына, беделді саясаткерлер мен сарапшыларына Германиядан елімізге инвестиция мен кәсіпкерлерді тартып, бизнес өкілдерінің өздерін қауіпсіз сезініп, табысты дамуы үшін ерекше жағдай жасауға дайындығымызды, біздің негізгі стратегиямыздың – елімізге тартылатын инвестицияларды әртараптандыру екендігін, инвестиция тұрғысынан Германияның негізгі стратегиялық серіктесі болғымыз келетін жеткізді.

«Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қатынастың Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың кезінен берік ынтымақтастық ретінде қалыптасқанын, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың алғашқы ресми сапарының жоғары деңгейде өткенін, түрлі топ өкілдерімен кездесу барысында Қазақстанға қызығушылық пен мүдделіліктің байқалғанын, келіссөздердің нәтижелі болғанын ескере отырып, екі ел арасындағы ықпалдастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне, сол арқылы Қазақстан экономикасын жақсартуға, әртараптандыруға қосымша мүмкіндіктер туатынына сенімдіміз», - деді Зарема Шәукенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT