Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы орыс тіліне аударылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мақала «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының» ресми сайтында жарияланды.
«Президенттің бұл мақаласы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып, биылғы 9 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.
Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
- Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды
- Биыл жаңартылған энергия саласында 23 жоба іске асырылады
- 2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
- Роман Скляр: Биыл «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің құрылысын аяқтау қажет
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам