+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Президенттің Абай туралы мақаласы жаңа биіктерге ұмтылуға жол ашады – Ерлан Сайлаубай

2020 жылғы 13 қаңтар 20:28
Бөлісіңіз:
Президенттің Абай туралы мақаласы жаңа биіктерге ұмтылуға жол ашады – Ерлан Сайлаубай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Абай туралы мақаласы қазақстандықтарға жаңа биіктіктерге ұмтылуға жол ашады. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы мемлекетіміз бен халқымыз үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды жылдың басында шығуы заңдылық әрі көптен күткен дүние. Мемлекет басшысының ұлттық-стратегиялық және мемлекеттік-идеологиялық арнада жазылған мақаласының өзегі – қазақтың дана тұлғасы Абай Құнанбайұлы. Абай мұрасындағы адам мен қоғамның үйлесімді дамуына қатысты көзқарастар бүгінгі еліміз бен ұлтымыздың жаңғыруына бірден-бір жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мол және ерекше сипатта екендігі мақаланың ұлт болмысының үлгісі, мемлекет ісінің мүдделісі, жаңа қоғамның жанашыры сынды өзектерінде айырықша талданған әрі тұжырымдалған», - деді ғалым.

Оның атап өтуінше, әлемдегі әрбір ұлт өркениетті даму жолында мемлекетінің өркендеуіне ерен ықпал ету қабілеті зор болмыстарына, соның ішінде тарихи тұлғалар мұрасына қайта оралып, үнемі зерделеп отырған.

«Уақыт өткен сайын тұлғалардың адамзат өмірінің әр алуан қырларын тереңінен қарастырып, адам мен қоғамның үдемелі даму негіздерін айқындап беретін көзқарастарын басты құндылық ретінде жаңа заман лебімен үйлестіре жаңғыртқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түптеп келгенде бізге, қазақстандықтарға жаңа биіктіктерге ұмтылуға жол ашқан зор дүние деп қабылдаймыз», - деді Ерлан Сайлаубай.


Фото: www.kazpravda.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT