Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің барлық сатысы автоматтандырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервін іріктеудің екінші кезегі автоматтандырылған тетіктер арқылы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызметке таланттарды тартудың тетіктері жетілдіріледі. Одан бөлек Президенттік жастар кадрлық резевіне іріктеу жүйесі әрі қарай жүйелендіріледі. Талантты жастарды тарту арқылы мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру көзделуде. Нақты айтсақ, биыл осы резервке іріктеудің екінші кезегі өтеді», - деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік органдарда бейінді және бірегей мамандар тапшы.

«Осындай қажетті құзыреті бар адамдарды тарту үшін меритократия қағидаттарын сақтай отырып, «позициялық» модельдің кеңейтілген элементтері қолданылады. Іріктеу процестерін жетілдіру кезінде басымдық үміткерлердің кәсіби және жеке бас қасиеттерін бағалау жағына өзгермек. Ол үшін тәуелсіз сарапшылар тарту да көзделген. Іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады. Бұл да іріктеу процестерінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, үміткерлерді еблсенді іздеуге көмектеседі», - деді Дархан Жазықбаев.


Соңғы жаңалықтар