Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттік жастар кадр резервінің тағы төрт өкілі басшылық лауазымға, атап айтсақ, Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы, сондай-ақ Қайрат Райымқұлов Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды», - деп жазды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резерві жасақталғаннан бері барлығы 176 резервші жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 14 саяси қызметші, «А» корпусының өкілдері - 4, «Б» корпусының өкілдері - 87.

Сондай-ақ 36 резервші түрлі мемлекеттік органдар басшыларының штаттан тыс кеңесшілері лауазымына тағайындалды және консультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізілді.

Соңғы жаңалықтар