Президенттік қолдау: Жамбылда 42 500 теңгені алушылардың қатары 261 мыңнан асты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алушылардың қатары 261 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық жедел штабтың кезекті отырысында айтылды. Басқосуда облыстық жедел штабтың төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен медицина және полиция қызметкерлері өтуі тиіс COVID-19 бойынша тестілердің санын арттыруға назар аудартты.

Жиында 261 мыңнан астам жамбылдықтар жалпы сомасы 11,5 млрд болатын 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізгендігі айтылды. Бұған дейін бұл жәрдемақыға Жамбыл облысының 235 мыңнан астам тұрғыны ие болғаны, өтініштердің қаралуы әлі жалғасып жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Сондай, 77 мың жамбылдық 440 миллион теңгеге азық-түлік жиынтығын алды. «Біз біргеміз!» акциясы аясында жалпы 834 млн теңге жиналып, 1 734 адам қамтылды. 2 мың дәрігер мен полиция қызметкеріне 210 млн теңгеге үстемақы мен сыйақыл төленді.

Жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың біреуі қамқорсыз қалмас үшін белсенді демеушілерді тартуды жалғастыру қажет.

«Үйлестіру кеңсесіндегі және әлеуметтік бағдарламалардағы барлық тізімді тексеріңіздер. Көмекке мұқтаж кез келген адам көмек алуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік телемдерді екінші қайтара төлеу шараларын, коммуналдық шығындарды өтеу үшін 15 мың теңгені рәсімдеуді ұтымды ұйымдастыра білу қажет.

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мен оларға теңестірілгендер тиісті төлемдерге қол жеткізеді. Облыстағы соғысқа қатысқан 57 ардагерге 1 миллион теңгеден беріледі, оларды қала және аудан әкімдері арнайы жеке құттықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар