+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Президенттік кадр резервінен Экология министрлігіндегі лауазымға 3 адам тағайындалды

2020 жылғы 22 қаңтар 10:26
Бөлісіңіз:
Президенттік кадр резервінен Экология министрлігіндегі лауазымға 3 адам тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлерінің қатарына Президенттік резерв өкілдері келіп қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат минстрліктің telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Мəселен, Экологиялық реттеу жəне бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті басшысы қызметіне Дəурен Ғанибекұлы Қазантаев тағайындалды.

Ол 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист-халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Бұрын Қазақстанның Энергетика министрлігі басшысының кеңесшісі болған.
Қазақстанның Экология министрлігі Климаттық саясат жəне жасыл технологиялар департаменті директоры орынбасары болып Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова келді.

З. Болатқызы Ұлттық саяси зерттеулер институтының (Жапония) Phd дəрежесін алмақ. Бұрын ол БҰҰ Азия жəне Тынық мұхиты, Бангкок (Тайланд) елдеріне арналған Экономикалық жəне Əлеуметтік Комисия Қоршаған орта жəне даму департаментінің экологиялық мəселелері жөніндегі консультанты болған.
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Əкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып Акзан Рашидович Ширанов тағайындалды.

Ол 2005 жылы Н. Э. Бауман атындағы Мəскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Тағайындалуға дейін Қазақстанның Энергетика министрінің көмекшісі қызметін атқарған.

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттік кадрлық резерв құрамына ену зор құрмет пен жауапкершілік екенін атап өтті.
«Біз сіздерді Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сіздердің біліктіліктеріңізге сенеміз»,-деді М. Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT