+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Президенттік кадр резерві жастар үшін әлеуметтік лифтіге айналды - Еркебұлан Боранбаев

2020 жылғы 20 қаңтар 11:06
Бөлісіңіз:
Президенттік кадр резерві жастар үшін әлеуметтік лифтіге айналды -  Еркебұлан Боранбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік кадр резерві жастар үшін әлеуметтік лифтіге айналды. Мұндай пікірді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көп жақты инвестициялық ынтымақтастық басқармасының басшысы Еркебұлан Боранбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа технологиялар саласындағы жобаларды іске асыруға жағдай жасалады Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР ІІМ және Шекара қызметінің оқу орындарында болды Шымкент соттарында Президент Жолдауын түсіндіру жұмысы жүргізілуде

«Меніңше, бұл бастама Қазақстанның талантты жастары үшін үлкен мүмкіндік береді. Осы жобаға қатысу арқылы жастар білімдерімен, тәжірибелерімен өзара бақ сынады. Президенттік кадр резервіне тіркеуден 13 мың жас өтсе, оның ішінде 7 мың адам байқауға қатысып, 300 адам «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шықты. Резервке кірген осы 300 жас алдағы уақытта өз әлеуетін көрсете отырып, еліміздің қарқынды дамуы үшін үлес қосуға бірегей мүмкіндік алды. Шын мәнінде кадр резерві жастар үшін әлеуметтік лифтіге айналды», - деді ол.

Жас резервшінің пайымынша, байқау өте әділ әрі таза өтті. Бастапқы 1-2 кезеңдер күрделі болды. Жалпы барлық 7 кезеңнің өз ерекшеліктері анық байқалып тұрды.

«Мәселен, әңгімелес кезіндегі дауыс беру тәжірибесімен алғаш рет таныс болдым. Шетелде білім алсам да мұндай әңгімелесу кезіндегі дауыс берудің сол сәтте онлайн өтуін бірінші рет көрдім. Әңгімелесу аяқталған кезде комиссия мүшелері бірден бағаларын беріп, нәтижесі дайын тұрды. Жалпы байқаудың әрбір кезеңі үлкен дайындықты қажет етті. Яғни, әрбір кандидатқа білімін, тәжірибесін көрсетуге барлық мүмкіндік жасалды», - деді Еркебұлан Боранбаев.

Оның айтуынша, конкурс нәтижесі шыққаннан кейін-ақ резервке кірген жастарған министрліктерден, жергілікті атқарушы органдардан, «Қазақстан темір жолы» сынды ұлттық компаниялардан лауазымды қызметтер ұсынылып жатыр.

«Мұның өзі жастарға мемлекеттік қолдаудың бар екендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көп жақты инвестициялық ынтымақтастық басқармасының басшысы қызметін атқарамын. Енді міне, Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындау бұйрығын күтіп отырмын», - деді ол.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Еркебұлан Сағатұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ халықаралық сауда, қаржы және экономика университетін «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Гилфорд қаласындағы Суррей университетінің магистратурасын бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы сол кездегі ҚР Туризм және спорт министрлігінде сарапшы болып бастаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT