Президент: Жекеменшік монополияға заңмен тыйым салу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономиканы деолиголизациялау бойынша қатаң саясат қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, қолдан жасалған монополияларға талдау жасау қажет. Операторлардың, әсіресе, жеке операторлардың қызметі мүлдем тоқтатылады. Естеріңізде болса, бұрын «өтеп алушы» деген термин болатын. Жеке компаниялар тиісті төлем арқылы мемлекеттің бірқатар экономикалық функцияларын орындауды сатып алатын. Бұл жақсылыққа апармады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

Осы ретте ҚР Президенті Үкіметке мұндай қызметтерге заңды түрде тыйым салуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Барлық орындар бәсекеге ашық болуы тиіс. Нарықтарда қолдан жасалған көптеген делдалдық тізбектерді жою қажет. Бұл қордаланып қалған мәселені ешкімнің шешуге құлқы жоқ. Экономиканы деолигополизация бойынша қатаң саясат қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар