+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Президент: Жаңа заң бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқықты толық қамтамасыз етеді

2020 жылғы 27 мамыр 12:15
Бөлісіңіз:
Президент: Жаңа заң бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқықты толық қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі отырысқа дейін атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі бар. Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі - бұдан бұлай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп, өткізуге болады», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті осы Заң қоғамдық-саяси қатынастарды демократиялық жолмен одан ары дамытуға зор үлес қосады деп ойлайтындығын баса айтты.
«Депутаттарға заң жобасын егжей-тегжейлі қарастырғаны үшін алғыс айтамын. Бірлесе атқарылған жұмыстың мән-маңызы зор. Жаңа заң - азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге Конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT