Президент: Жаңа карантиндік шаралар экономикадағы ахуалды күрделендіріп жіберуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы күресерлік Қазақстанға қаражат барын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте дағдарысқа қарсы шешімдердің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек. Жаңа карантиндік шараларды енгізу – экономикадағы ахуалды күрделендіріп жіберуі мүмкін екенін ескеру керек. Үкіметте тиісті жұмыс жоспары болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша дағдарысқа қарсы күресерлік Қазақстанда қаражат бар.

«Тиісті заңнамалар қабылданды. Сол себепті өңдеу өнеркәсібінің көлемін, құрылыс жұмыстары мен инвестиция көлемін төмендетудің негізі жоқ деп есептеймін. Үкімет жағдайды ретке келтіруі керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар