+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады

2019 жылғы 10 желтоқсан 14:24
Бөлісіңіз:
Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда волонтерлер штабы ашылды Павлодар облысында Жастар жылы қорытындыланды Түркістан жастарына 1 млрд теңгеден астам грант берілді

«Волонтерлердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады деп есептеймін. Үкімет бұл мәселені шешеді деп ойлаймын. Ал коммерциялық бағытта білім алатындарға әлеуметтік студенттік кредит жүйесін енгізу қажет. Бұл кейбір академиялық кредиттерді волонтерлік сағат есебінен есепке алуға құқық береді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта құрылып үлгерген волонтерліктің онлайн тұғырнамасы жұмысын жетілдіру маңыздылығына да назар аудартты.

«Корпоративтік волонтерлікті де дамыту қажет. Меніңше, ірі компаниялардың қызметкерлері жұмыс аптасының аясында бірнеше сағатын қоғамға қайтарымсыз көмекке арнай алады. Мемлекеттік аппарат пен ұлттық компаниялар да корпоративтік волонтерлікті енгізу арқылы өздерінен бастай алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT