Президент Үкіметке салық жүйесін реформалаумен тыңғылықты айналысуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық жүйесінде қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл алдыңғы қатарлы әлем көміртектік бейтараптыққа ұмтылады. Бұл дұрыс та. Дойче банк, General Electric, Cameco ERG кеңестің өзге де мүшелерінің жасыл қалдықсыз технологияларды енгізу жөніндегі ұсыныстары менің оларды кеңінен қолдану тапсырмаларымен астасып жатыр», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы кеңес мүшесінің Қазақстанда салық жүйесін одан ары реформалауға қатысты ұсынысына назар аударғандығын атап өтті.

«Олар сөйлеп жатқан кезде мен бірден Үкіметке бұл мәселемен тыңғылықты айналысуға тапсырма бердім. Бұл жерде қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Біз салық салудың тұтас жүйесін қалыптастыруға тиіспіз және осы тұрғыда әлемдік тенденциялар мен алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелерін жіті қадалағап отыруымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар