+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Президент тапсырмасын орындаймыз – Даниал Ахметов Бұқтырмаға көпір салу жайында

2019 жылғы 22 қараша 13:53
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасын орындаймыз – Даниал Ахметов Бұқтырмаға көпір салу жайында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданына апаратын Қызыл ту өткеліне көпір міндетті түрде салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Көпір туралы мәселе бізге белгілі. Президенттің тапсырмасын сөзсіз орындаймыз. Қазіргі кезде жобамыз бар. Аз уақыттың ішінде өзіміздің арнайы процедурамызды өткіземіз. Менің ойымша, осы жобаға бюджеттен қаражат бөлінеді. Мүмкін оған басқа елдің инвесторы тартылады», - деді Даниал Ахметов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі көпір құрылысының жобасы бойынша тендерлік процедура өткізілетінін айтып өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

«Egemen Qazaqstan» газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT