Президент тапсырмасы: Жамбыл облысында басқарма басшысы қызметінен босатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай Жамбыл облысында басқарма басшысы Қайрат Досаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Ал 2021 жылдың 30 шілдесінде Қ. Досаев 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап атқарып отырған Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінен босатыла отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тең дәрежелі лауазымына тағайындалды.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, кадрлық қателікті түзеуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар