+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына арзан несие беріле бастады

2020 жылғы 18 мамыр 13:54
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына арзан несие беріле бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аграрлық несие корпорациясы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша егіс науқанын қаржыландыруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы қазақстандық фермерлерге көктемгі дала жұмыстарына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосымша қаржылық көмек көрсетуді тапсырды. Қаражат қайтарымсыз емес, бірақ жеңілдетілген шарттармен беріледі.

Фермерлерге 6%-бен 100 миллиард теңге беру қарастырылған. Қаржы 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Негізгі қарызды несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеуге болады.

«Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Егін егу науқаны басталғаннан бастап, АНК қаражат беруді тездету және жеңілдету мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырды. Атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнде қаралатын өтініштер 10 күн ішінде тексеріліп, шешім шығару қарастырылды. Өткізетін құжаттар тізімі де қысқарады. Бүгінгі таңда АНК фермерлерге шамамен 6 млрд теңге қаржы бөлді. Жақында Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды аяқтады. Нәтижесінде 70 млрд теңгені 5%-бен 2 405 шағын және орта бизнес өкілі алды» делінген хабарламада.

Осылайша, «Кең дала» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 170 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттің осындай ауқымды қолдауы шаруалардың уақтылы және еш кедергісіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT