+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр

2021 жылғы 23 қыркүйек 20:00
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде Мемлекет басшысының мектептер салу туралы тапсырмасын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үстемақы төленеді Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз Білім саласында «Тәлімгерлік» иниститутын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленеді

Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бесеуі орын тапшылығы ең жоғары Алатау ауданында салынуда. Атап айтар болсақ, «Саялы» шағын ауданында – 1 800 орынды, «Дархан» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Мәдениет» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Томирис» шағын ауданында – 1 500 орынды, «Нұркент» шағын ауданында – 1 500 орынды.

Наурызбай ауданының «Қалқаман» ықшамуданында – 1 500 орынды, «Қалқаман-2» – 1 800 орынды.

Түрксіб ауданының «Қайрат» шағын ауданында -1 500 орынды.

«Қалқаман-2», «Томирис» және «Саялы» шағын аудандарындағы үш мектепті осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.

Сондай-ақ, №81, 40, 45, 54 мектепте сейсмикалық төзімділік жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 18 жаңа корпустың құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 9 мектеп жанындағы жаңа корпустардың құрылысы аяқталды.

№57, 102, 132, 117, 186 мектептегі қосымша 5 корпус қазан айында пайдалануға беріледі. Ал №34, 177, 191, 43 мектептін қосымша ғимаратын қараша айында қолданысқа беру жоспарда.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша даму жоспарын әзірлеу кезінде «алдымен мектеп, содан кейін үй» қағидасын ұстану қажет.

Басты мақсат – қолданыстағы мектептерді шамадан тыс жүктемеу және жаңа шаршы метр тұрғын үйлермен бірге білім беру нысандарын тапсыру.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT