Президент тапсырмаларын орындауға 293,3 млрд теңге бөлу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға 315,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға 315,6 млрд теңге бөлінді», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап бұл қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге және валюта бағамының өзгеруіне байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.

«Сондай-ақ, азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындауға 293,3 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар