Президент сайлау туралы: Саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандағы реформалардың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Осы жаңғырудың негізгі қағидаты – барлық өзгерістерді жалпыұлттық диалог пен мәмлеге сүйеніп, эволюциялық жолмен жасау»
Президент былтырғы саяси реформалардың бірінші бөлігі партияларға жаңа мүмкіндіктер бергенін атап өтті.
«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік. Мәслихат сайлауына пропорционалды жүйені енгізу партиялардың өңірлердегі белсенділігін арттырды, сондай-ақ азаматтарды жергілікті жердегі саяси үдеріске барынша тартуға жағдай жасады. Парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Осылайша, еліміздегі көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін бердік», - деді Қ. Тоқаев.
- Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады
- Қазақстан туристік саланың үлесін ЖІӨ-нің 8 пайызына дейін жеткізбек – Президент
- Президент ЭЫҰ-ға мүше-мемлекеттерін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуға шақырды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының аясындағы болашағы бар жобаларды атады
-
ҚР Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
-
Нығматулин: Партияаралық Кеңес заң шығару жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам