Президент өңіраралық қоныс аударуды ынталандыру іс-шарасын әзірлеуді жүктеді

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқала тұрғындарының өңіраралық қоныс аударуын ынталандыру іс-шарасын әзірлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Даму әлеуеті төмен шалғайдағы моноқалалар тұрғындарының облысішілік және өңіраралық қоныс аударуына қатысты ынталандырушы іс-шаралар қажет. Үкіметке Өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында даму әлеуеті төмен моноқалаларды көшіп кету өңірлері қатарына қосуды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент бұл бастама азаматтардың болашағы бар қалаларға өз еркімен қоныс аударуына себеп болатынын атап өткен.

«Бұл азаматтардың мамандарды қажет етіп отырған болашағы бар, өсіп келе жатқан қалаларға өз еркімен қоныс аударуын ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқалалар тұрғындарының басым бөлігі қажетті жұмысшы және инженерлік мамандықтарда біліктілігі мен тәжірибесі бар екендігін жақсы білеміз», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар