18:51, 27 Шілде 2021 | GMT +6
Президент өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.