Президент нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды.


Соңғы жаңалықтар