Президент: Мемлекеттік сатып алуда орасан зор резерв жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент мемлекеттің барлық тиімсіз шығындарын қысқарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қаржы министрлігі табысты арттыру жұмысын жүргізуде. Алайда, қосымша жұмыс керек. Мәселен, кеденге қатысты мәселе бар. Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси бюросының отырысында мемлекеттік сатып алу процесін қысқарту мәселесін көтерген болатын. Қаржы министрлігі сатып алу процестерін оңалтуды бастап кетті. Бірақ, әлі де болса заңнамалық сипатта жұмыс керек. Мемлекеттік сатып алуда орасан зор резерв жатыр. Кейбір есептерге сүйенсек, онда 400 млрд теңгеге дейін қаражат бар. Ол қаражатты өткір әлеуметтік мәселелерге жұмылдыруға болады», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында. Президенттің айтуына қарағанда, 2018 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 4,4 трлн теңгеге жеткен. Соның 3,3 трлн теңгесі, яғни 75 пайызы бәсекеден тыс амалмен жүргізілген. «Шенеуніктер мен қайдағы бір жабысқандар үшін бұл астауды жабу керек», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар